Пройти Антиплагиат ©



Главная » Балық және аралардын инвазиалык аурулары » 21. Балық аурулары



Балық аурулары

Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная. Найти рефераты и курсовые по данной теме Уникализировать текст 




БОТРИЦЕФАЛЕЗ Bothriocephalus acheilognathi: Даму биологиясы
А — ересек құрт: 1 — басы мен мойны, 2—таспалары; Б — дефинитивтік иесі: 1 — сазан, 2— тұқы, 3 — мөнке, дөңмаңдай, 5— ақамур, 6— жайын; В — суда дамуы: 7 — жұмыртқа, 2 — корацвдияның жұмыртқадан шығуы, 3 — корацидий, 4 —циклоп (аралық иесі) денесіндегі процеркойд
 
 
Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу, ас қорыту, тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары — вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар және су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар (гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа) тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas punctata — су бактериясы тарататын Балық аурулары), саңырауқұлақтардан болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады. Сонымен қатар балықтың жұқпалы кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының кокцидиоз энтериті, ихтиофтириоз; паразит құрттар тудыратын дактилогироз (қоздырғышы Dactylogyrus vastator және Dactylogyrus extensus құрттары), сангвиниколез (Sanguіnіcola іnermіs), диплостомоз (Dіplostomum chromatophorum), ботриоцефалез (Bothrіocephalus acheіlognathі), лигулез (Lіgula іntestіnalіs) аурулары жатады. Балықтың жұқпалы ауруларға төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп қырылып қалады.Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин шаралары жүргізіледі.
 
Алиментарлы аурулар
Алиментарлы деп жұқпалы емес ауруларды атайды. Олар зат алмасу процесінің бұзылуымен сипатталады. Сапасыз және негізгі қоректік заттардың және витаминдер жетіспеу себебінен туындайды.
Бахтақ бауырының циррозды дегеннерациясы.
Жасанды азықты қолданғанда бахтах өсіретін шаруашылықтарда кеңінен кездеседі.
ЭТИОЛОГИЯСЫ. Ауру бахтахты сапасыз немесе рационда майлы азық немесе артық тамақтандырғанда байқалады.
Табиғи ераық беріп немесе дұрыс және сапалы жасанды азықпен өсірген бахтахтарда бауырдың цирфойдты дегенерациясы болмайды. Ауру көбінесе құбылмалы бахтахта кездеседі. Албырттық басқа түрлері құбылмалы бахтахпен бірге өсіргенде ауырмайды.
Клиникалық белгілері . Ауру жіті және созылмалы түрде кездеседі. Жіті түрде балықтар қараяды, қоректенбейді, таяз суда бір-бірлеп кездеседі,сыртқы тітіндіркендіргіштерге назар аудармайды.Балықтар өлер алдында тепе-теңдіктен айырылады, бұраңда тәрізді қимылдамайды,кейде құрысу байқалады.Желбезектері бозарады, көздері бадырақ болады.
Көпшілік балықтар өлімге шалдығады.Ең алдымен ірі балық-
тар өледі. Созылмалы ауру түрінде балықтардың жалын денесінің тұсы және тәртібі өзгермейді. Балықтар қоректеніп , біршама жылжымалы болады. Балықтар арасында өлім ұзақ уақытқа созылып көпшілікте байқалмайды.
Алдын алу шаралары. Ауру анықталғанда азықтандыру кезеңінде үзіліс жасайды. Рационнан сапасыз азықтарды алып тастап, оларды жаңа ауланған семіз емес балықпен, ірі қара малдың көк бауырымен , витаминдер қосып ауыстырады. Бахтахтың бауырында регенерация қабілеті жоғары болады. Егер барлық алдын алу шаралары өз уақытында жүргізілсе , балықтар тез айығады.
 



Лекция, реферат. Балық аурулары - понятие и виды. Классификация, сущность и особенности. 2018-2019.

Оглавление книги открыть закрыть

1. Балық шаруашылығы туралы түсінік.
2. Балық шаруашылықтары туралы түсінік.
3. Шүлбі су қоймасындағы балық аулау жағдайы.
4. Бұқтырма су қоймасындағы балық аулау жағдайы.
5. ШҚО көлдері және кіші су қоймаларында тауарлық балық шаруашылығының дамуы
6. Пайдаланылған әдебиеттер
7. Балық шаруашылығы
8. Қазақстанның ихтиофаунасы.
9. Балық аулау жағдайы
10. Шалқар (Батыс Қазақстан облысы)
11. Балық шаруашылығындағы биотехнология мен авакультура.
12. Балық биологиясы және экологиясы.
13. Балықты табиғи жолмен көбейту, өсіру биотехнологиясы
14. Балықты қолдан көбейту, өсіру биотехнологиясы
15. Балықты заводтық әдіспен қолдан көбейту.
16. Жылу сүйгіш балықтардың тұқымдарын өсіру биотехнологиясы.
17. Суық сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы.
18. Балық шаруашылығын интенсификациялау биотехнологиясы
19. Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы
20. Балықтарды азықтандыру.
21. Балық аурулары
22. АҚ АМУРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
23. Су қоймаларын сауықтыру шаралары
24. ЖАРАҚАТТАР.




« назад Оглавление вперед »
20. Балықтарды азықтандыру. « | » 22. АҚ АМУРДЫҢ ЗАТ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ






 

Учебники по данной дисциплине

Сочинения для экзамена по китайскому языку (1 курс) МГЛУ