---
⭐⭐⭐ Единый реферат-центр

Всякое разное Химия философиясы

Количество просмотров публикации Химия философиясы - 428

 Наименование параметра  Значение
Тема статьи: Химия философиясы
Рубрика (тематическая категория) Всякое разное




Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымы. Химияның ғылымға айналуына алғаш қадам жасап, алхимия қағидаларына қарсы шыққан ағылшын ғалымы Р.Бойль болды. Химияның нағыз ғылым ретінде дамуы 19 ғасырдан басталды. Негізін салушы ағылшын ғалымы Д.Дальтон болды. Осы кезеңдерде химияның іргетасы болып саналатын атом-молекулалық ілім (С.Канниццарро, А.Авогадро) қалыптасып, атомдық салмақ ұғымының (Дальтон), құрам тұрақтылық, еселік қатынастар, көлемдік қатынастар, Авогадро, эквиваленттер, электролиз (М.Фарадей), тағы басқа заңдар мен заңдылықтар ашылды. Орыс ғалымы Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодты жүйесі химия ғылымының жүйесін анықтап, ондағы салалардың өзара байланысын ашты. Осы кездегі химия ғылымы периодтық заң негізінде дамып келеді. 19 ғасырдың 70-жылдарынан басталған химияның даму кезеңі ʼʼорганикалық химия дәуіріʼʼ деп аталады.

Химия да басқа ғылымдар тәрізді адамзат қоғамының материалдық мұқтажынан туған. 18 ғасырдың ортасына дейін химия ғылым деп есептелмеген, ол кәсіптік, шеберлік ретінде ғана танылған. Көп ғалымдар химия әдістерін металлургияда, шыны, бояу өндіруде, дәрі жасауда қолданған. Орта ғасырлардағы химияның даму кезені алхимия дәуірі деп аталады. Алхимиктер жай металдың қасиетін өзгіріп, оны алтынға айналдыруға болады, ол үшін ʼʼфилософия тасынʼʼ табу керек, өйткені ол кез келген металды алтынға айналдырады деген.Алхимиктер еңбектері нәтижесінде көптеген маңызды заттар (қышқылдар, тұздар, сілтілер, элементтер т.б.) алу әдістері табылды.

Ағылшын ғалыми Р. Бойль (1661) алхимия қағидаларына қарсы шығып, химияны ғылми жолға қоюға тырысты, химикалық элементке алғаш дұрыс анықтама берді. Ол затты ұсақтап бөле берсе құраушы элементтерге жететінін айтты, эксперимент арқылы анализ бен синтездің мәнін дәл анықтады, бірақ сол кезде кең тараған флогистон теориясының (1700) негізі қате болды. Бұл теория бойынша заттың жануы денеде алғаштан болатын жанғыш зат флогистонға байланысты. 1756 жылы М.Б. Ломоносов, кейін А. Лавуазье реакцияға қатысқан заттардың масса сақталу заңын ашып, химияны сапалық ғылымнан сандық (өлшемдік) ғылымға айналдырды. 19 ғасырда ғана атом-молекула ілімінің (С. Канниццарро, А. Авогадро) негізі қаланды, атомдық салмақтың (Дж. Дальтон), қурам турақтылық заңы мен еселі қатынас заңы ашылуының үлкен маңызы болды. 19 ғасырдың бас кезінде электр тогы көмегімен күрделі заттарды ыдырату арқылы сілтілік және сілтілік-жер металдар алынды. Элементтер туралы ұғым, атом-молекула теорияның қалыптасуы өсімдік пен жануарларға тән заттарды зерттеуді қажет етті, сөйтіп органикалық химия қалыптаса бастады. Органикалық заттар жайлы мәліметтердің жиналуы олардың химия табиғатын тануға көмектесетін теориялардың (унитарлы теория, типтер теориясы, радикалдар теориясы) шығуына себеп (1857) болды. 1857 жылы Ф.А. Кекуленің көміртек атомының 4 валентті екендігін табуы, соған байланысты көміртекті тізбектердің түзілу мүмкіндігінің анықталуы органикалық заттардың классификациясына жеткізді

 

2. Ж.Баласағұн ʼʼҚұтты білікʼʼ

Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеден ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хасхаджиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы (яғни 1021 жылы) туған. Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы 'Құтты біліктен' ғана табамыз. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. 'Құтты білік' дастаны ('Бақытқа жеткізуші білік') түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден-бір жазба әдеби ескерткіші. ХІ ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын асыл мұраларының бірі. Музыкант отбасында туғандықтан музыканы, күй тартып, өлең айтып, нақышты музыка сазын лез бойына толық дарытқан. Баласағұнның бізге жеткен ең ірі туын-дысы түркі тілінде жазылған 13 мың жолдың Ғибрат - өнеге поэмасы. 'Құтты білік' 1069 жылы жазылған. Бұл -саясат, өнеге, тәрбие жөнінде толғаныс тапқан, үлкен тәрбиелік мәні мен маңызы бар, тағылымы -терең, философиялық трактат. "Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мавераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар.
Размещено на реф.рф
Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енгенҚұтадғу білікʼʼ (Құтты білік) — Жүсіп Баласағын (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.



Бұл көнетүркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.

Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр.
Размещено на реф.рф
Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі ʼʼмен мұндалапʼʼ тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық-дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.

 

3. Қоғамдық және жеке сана

Өзіндік сана дегеніміз - адамның өзін-өзі танып, білуінің деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтауымыз қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.

Қоғамдық сана дегеніміз - бұл адамдардың өзінің материалдық болмысы мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен көзқарастарының, дағдылары мен идеалдарының, ілімдері мен теорияларының күрделі жүйесі. Қоғамдық болмыс дегеніміз - қоғамдағы барлық материалдық қатынастардың жиынтығы. Қоғамдық болмыстың өзегі-экономикалық қатынастар.
Размещено на реф.рф
Соның негізінде және төңірегінде қоғамның басқа қатынастары өрбіп отырады. Қоғамдық болмысқа әлеуметтік-таптық, ұлттық, экологиялық, саяси, тұрмыстық қатынастар кіреді. Адам өмірінде бейсаналық та үлкен роль атқарады, оның реттеуші ролінсіз адам мүмкіндіктері әлдеқайда жеткіліксіз болар еді. Біз өзіміздің кейбір аса маңызды әрекеттерімізді түсінеміз, ол көптеген қосалқы әрекеттерімізді реттеу санадан тыс іске асып отырады. Бейсаналық, адамның мінез-құлқын реттей отырып, оны шығармашылық жаңа мәселелерді шешуге жетелеп отырады. Бейсаналықтың шындықты танудағы маңызын да естен шығармаған жөн. Адам өзінің өмірі бойында сыртқы әлемнен көп мөлшерде ақпарат алып отырады. Көптеген психологтардың айтуы бойынша, адам өзінің есіне, жадына енген нәрсенің ешқайсысын ұмытпайды. Кей жағдайда қажетті информацияны еске түсіре алмауымыздың негізгі себебі - жаңа ақпарат бұрынғыны көлеңкелеп, ығыстырып жіберуі. Ал ол күтпеген жағдайда адамның еркінен тыс көрініс беруі мүмкін. Адамның есінде ақпараттың сақталуы бейсаналық процесс болып табылады.

Сана адамның дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі болып табылады.

Билет

1. Тілмен ойлаудың бірлігі

Ойлау үрдісін тілсіз көзге елестету өте қиын шаруа. Егер ми сананың физиологиялық негізі болатын болса, тілді шынайы ойдың материясы ретінде түсінуге болады. Айтылған сөз дыбыс толқындары материалдық құбылыс екені ешкімнің дауын тудырмайтын жәйт. Тіл дегеніміз ойды адами қатынастарды қамтитын белгілі бір белгі жүйесі.Тіл ойдың сыртқы материалдық қабығы, соның арқасында адамдар бір біріне неше түрлі ақпараттарды, өз ойларын жеткізе алады. Сонымен қатар адамның өзіндік санасының өзі тілмен берілген, тілсіз ойлау тіпті мүмкін емес. Тіл мен сана күміс ақшаның оңы мен астары сияқты бір бірінсіз өмір сүре алмайды.

2. Т.Гоббс Мемлекет туралы ой пікірлер ГОББС (Hobbes) Томас (5 апреля 1588, Малмсбери – 4 декабря 1679, Хардуик) – английский философ-номиналист, материалист, теоретик общества и государства. Родился в семье сельского священника. Окончил Оксфордский университет (1608). Бакалавр искусств. Работал воспитателем в аристократическом семействе У.Кавендиша.

Т.Гоббстың ойынша, қоғамдық шартқа өту тілсіз іске аспас еді. ʼʼТілсіз адамдарда мемлекет, қоғам, шарт, бейбітшілік те болмас едіʼʼ

Адамдардың мемлекеттік өтуінде олардың табиғатында бар заң үлкен рөл атқарады. Ол заң ʼʼөзіңе тілемеітінді басқаға да жасамаʼʼ. Оны біз моральдың ʼʼалтын ережесіʼʼдейміз.

Т.Гоббс құқ пен заңның арасындағы айырмашылықты анық байқаған адам. Бір жағынан алғанда, мемлекетте заңдылық, тәртіп болуы керек. Екінші жағынан, заңдар мөлшерден шығып, барлық қоғамдағы қатынастарды ретке келтіруге тырысса, онда адамдардың белсенділігіне нұқсан келеді.

3. Абайдың дүниетанымы. Қара сөздері

Абай Құнанбаев (1845-1904) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауыны

Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды. Абайдың дүниеге көзқарасы ойы мен қыры мол, күрделі. Дүние туралы пікіріне келсек, деизмге жақын дедік. Біріншіден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігін қуаттайды. Мысалы, қырық үшінші қара сөзінде адам ʼʼ...көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар аладыʼʼ дейді.
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жан-жануарларды, адамды, тіпті, машина, фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. ʼʼМенʼʼ және ʼʼменікіʼʼ деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді. Ақынның ойынша ʼʼменʼʼ - ақын, жан, ʼʼменікіʼʼ - адам денесі. ʼʼМенʼʼ өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан, ʼʼменікіʼʼ өлсе өлсін, оған бекіʼʼ деп, дене өлгенімен жан өлмейді деген қорытындыға келеді. Абай таным туралы құнды пікірлер қалдырды. Түйсіктеріміз арқылы дүниеден хабар аламыз, пайда, залалды айыратын қуаттың аты - ақыл дейді.
Көптеген өлеңдері мен қара сөздерінен диалектикалық тұжырымдар бейнесін көруге болады.

Билет

Идеологияның қоғамдағы орны Идеология[1] – ілім, қоғамдық сана (гр.
Размещено на реф.рф
идса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді: 1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

1.5) бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды

Идеологияны бұрын ақылды адамдар, көсемдер жасады. Бүгін әрбір елдің идеологы-президент. Бір мемлекетте тек бір идеолог болады. Екеу болса, тәртіп болмайды. Идеологиясыз қоғам өмір сүре алмайды. Қоғамды бір мақсатқа келтіріп жұмылдырушы идеолог.

2. Неотомизм философиясының негізгі белгілері. Негізін салушы Ф.Аквинский

Християн діні 3ке бөлінеді:

Каталитизм, Провославия, Протестантизм.Каталитизмнің негізін жасап отырған философия – неотомизм. Неотомизм[1] – Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”. Құдай барлығының алғашқы себебі және түпкі мақсаты. Ол әлемді жоқ нәрседен жаратқан, ал әлем Құдайдың мақсатына бағынышты

Фома Аквинский (1225-1274) - италияндық діни ойшыл. Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 ж. Парижге қайтып оралып, Құдайтану қосындысы жұмысын жалғастырады (1266—1273). 1274 ж. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Философия қарама-қайшылыққа ұрынған шағында (мысалы, уақыт шеңберіндегі жарату мәселесі), оның көмекке дінді шақыруы қажет. Ф. Аквинский- теоретикалық теологияның негізін салушы. Негізгі еңбектері: ʼʼТеология жиынтығыʼʼ, ʼʼФилософия жиынтығыʼʼ. Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:
1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;
2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;
3. кездейсоқтық пен қажеттілік;
4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;
5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі.
Ф. Аквинский томизм бағытының негізін қалаушы. Томизм – Ф.Аквинский іліміне негізделген католиктік философияның бағыты.

Билет

1. Зарзаман уәкілдері

Патшалық Ресейдің Қазақстан жеріне терең бойлау нәтижесінде қазақтың құнарлы жерлерін билеп, төстеп, қазақтарды шөлейт жерлерге ығыстырғанына қарсылық білдіріп, толғану болса, екінші жағынан, тауарлы ақша қатынасы күнделікті қазақ өміріне кеулеп кірген сайын, елдің дағдысы, дәстүрі бұзылып, жаңа, халыққа тұрпайы қатынастар орнай бастағанын уайымдап, күңіреніп елдің назарын соған аударып, санасын ояту болды. Өкілдері:Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы. Оларға дейінгі Бұқар жырау, Ақтамберді жырау және т.б.

Байқап қарасақ, олар елді кері тартпақ болған идеология өкілдері емес, қайта қазақ жерінің тағдырын ойлап, елге ұран тастап, А.И. Герценнің ʼʼКолоколʼʼ(Қоңырау) газеті сияқты халықтың санасын оятпақ болған зиялылылар екен. Олар екіжүзділік, арамдық сияқты құбылыстар өмір салтына айналуда деп қынжылды. Екіншісі – Абай, Ыбырай, Шоқан бастаған ағартушылық қозғалыс. Олар қазақ халқын оқуға, білімге, кәсіпкерлікке, еңбектенуге шақырды. Ескі зиян салттарды сынады. Сөйтіп, бұл бағыттың әдістері әр қилы болғанмен, түпкі мақсаттары бір елді прогресске ұмтылдыру болды.Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінендидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген ʼʼӨсиетнамаʼʼ деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.Шортанбай Қанайұлы ақын, діни қайраткер.
Размещено на реф.рф
“Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Мұрат Мөңкеұлы шығармалары ʼʼМұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаныʼʼ, ʼʼАқынʼʼ, ʼʼМұрат ақынның сөздеріʼʼ, ʼʼБес ғасыр жырлайдыʼʼ, ʼʼАлқаласа әлеуметʼʼ, тағы басқа жинақтарда жарияланған АБАЙ буынсыз тілің, көлеңке басын ұзартып, жапырағы қуарған ескі үмітпен, қуанбаңдар жастыққа, осы қымыз қазаққа, буынсыз тілің


Химия философиясы - понятие и виды. Классификация и особенности категории "Химия философиясы"2017-2018.



Читайте также


  • - Химия философиясы

    Химия – заттарды ж&... [читать подробнее].